Бұл жайында islam.kz порталы «Vesti.kg» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Оның айтуынша, ел тұрғындарының көп бөлігі, яғни, 98%-ы дін жолын ұстанатын адамдар. Осылай деген ол «Біздің халқымыз исламның арқасында жойылмай отыр. Егер біздің ел әу баста зайырлы мемлекет болғанда, өзіміздің аты-жөнімізді ұмытып, ұлт ретінде жойылар едік»,- деп мәлімдеді. Қырғыз жұртында мешіт саны тәуелсіздік жылдарында 70 есеге көбейген – 1991 жылы ел аумағындағы мешіттердің қарасы 39 болса, бүгінде бұл көрсеткіш 2688-ге жеткен. Бұдан бөлек, Қырғызстанда 12 ислами жоғарғы оқу орны мен 131 медресе бар.