Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Әнші Алтынай Жорабаева шатасып жатқандардың есіне шын күйеуінің кім екенін тағы бір мәрте еске салып қоюды жөн санаған секілді.
Инстаграм әлеуметтік желісінде:
"Тойханалар ашылмаса басқа елге кетеміз деп қорқытқан әншілер, шынымен де кетіп жатыр екен ғой, иә? Бәріне бірдей не болған? Енді Алтынай Жорабаева да Түркиядан үй алғанын айтты."- деген сан түрлі пікірлер жазылған болатын. Ал қате суретті еліміздегі медиа порталдардың бірі жарияласа керек. Онда Алтынайды қазіргі күйеуі емес, басқа біреу құшақтап тұр.
Бұл ақпаратты көрген Алтынай Жорабаева жолдасының басқа екендігін айтып, өзінің парақшасындағы Stories бөлімінде сурет жариялап, жазба қалдырды.
"Негізі мынау менің күйеуім. Суреттегі құрбым Мансияның күйеуі" — деп жазды әнші.