Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайтында (https://fnn.kz/) өткен форумда Жітіқара қаласының педагогы «Problem Solving» сессиясын өз мектебінде қалай өткізетіні жайлы баяндады. Ол сабақ беріп қана қоймай, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін де атқарады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Алина Алимбаева өз әсерлерімен, дағдыларымен Instagram желісіндегі парақшасында бөліседі. Оның аккаунты «Будни завуча» деп аталады (сілтеме — https://www.instagram.com/budni_zaucha/), автор өзін «заманға сай адам» деп сипаттайды.
«Біздің өміріміздегі проблемалар бұл табиғи және болуы тиіс құбылыстар. Бірақ кез келген проблемалық жағдайды қауіп емес, қалыпты жағдай деп қабылдау керек және оны шешу одан ары жетілуге, дамуға, болашақта осындай мәселелерді шешудің жаңа баға жетпес тәжірибесін жинауға мүмкіндік беретінін ұмытпауымыз керек», — деді спикер өз сөзінде.
Креативті ойлау туралы айта келе, ол бірнеше мысал келтірді, олардың бірі Парфенон жәдігерлерін сақтау туралы болды.
«Жыл сайын ондаған мың туристер ежелгі қирандыларда болады. Оның бәрі естелік ретінде «ежелгінің» бөлігін алып кетуге тырысады. Парфенон да солай- оның тастарын бір-бірлеп әкетуде. Жәдігерлерді қалай сақтауға болады? Тыйым салатын тақтайшалар қойып, қоршаулар жасау керек сияқты. Бірақ «Тыйым салынған жеміс — тәтті». Сондықтан өте қарапайым және креативті шешім табылды: түнде Парфенон аумағында жақын маңдағы карьерден мәрмәр бөлшектер әкеліп, шашады. Ал түстен кейін туристер оны кәдесый ретінде алады».
Қорытындылай келе, Алина Алимбаева проблемаларды шығармашылық тұрғыдан шешу — бұл адамдарға күнделікті мәселелердің шешімдерін табу үшін шығармашылық және ұтымды ойлауды қолдануға мүмкіндік беретін процесс екенін атап өтті. Ал мәселелерді креативті шешу- бұл үйренген дағды