Ерлан Қаринге коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Қаринге коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салынды

Ерлан Қаринге коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салынды

Президент көмекшісіне сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатқан қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасы егілді.

  • 27 Желтоқсан 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы БҒМ Ғылым комитеті хабарлады, деп жазды paryz.kz.

19 желтоқсанда БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ғалымдары әзірлеген QAZCOVID-IN қазақстандық инактивтендірілген вакцинаға клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталды.

"244 қазақстандық қатысқан клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазаларының нәтижелері көрсеткендей, вакцина қауіпсіз, антиденелер қалыптастырады, жасушалық және гуморальдық иммунитетті индукциялайды. Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне 3 мың ерікті қатысады", — делінген ведомство хабарламасында.