Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформа іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформа іске қосылады

Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформа іске қосылады

«Отбасы банк» 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 22 Қаңтар 2021
  • 7
Фото - Caravan.kz

«Отбасы банктың» хабарлауынша, бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың шот ашылған. «Бір жолғы зейнетақы аударымын азаматтар өздігімен пайдалана алады. Ал егер БЖЗҚ салымшысы алуға болатын төлемді пайдаланғысы келмесе, ол оны өзінің туысына, мәселен зайыбына аудара алады», — деп хабарлайды банктен.

Еске сала кетсек кеше ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану ережелерін жариялаған болатын.