Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында телефон, теледидар көру аутизм дертін тудармайтынын айтты.
«Аутизм туа біткен өмірлік күй. Ол өмірдің барысында пайда болатын дүние емес. Цифрлық аутизм деген сөзді шетелде бір бағдарламада талқылағын. Бірақ ондай диагноз жоқ. Ол псевдоаутизм секілді өтірік диагноз. Ондай диагноз да жоқ негізі. Сіздің балаңыздың телефон, мультфильм қарауы аутизим шақырады деген сөз сәйкес келмейді. Одан аутист болмайды. Бірақ басқа жағынан қиындықтар болып, бала кеш сөйлеуі мүмкін. Шындығын айтқанда, қазір тамақ ішіп отырған күннің өзінде біз баламен көп сөйлеспейміз. Балаға табиғи түрде пікір алмасу, сөйлесу, сұрақ қою керек. Мүлдем шектеудің де қажеті жоқ. Уақытпен көрсету керек», — дейді ол.
Сондай-ақ, ол аутизмі бар балалардың ата-аналарына кеңесін айтты.
«Егер бала бір жасқа келгенде атына қарамай, он төрт айға келгенде нұсқаушы іс-әрекеттері болмай, он сегіз айға келгенде сөйлеуде қиындықтар болып жатса, ең алдымен психиатрға барған дұрыс. Педиатрға барсаңыз да болады. Ол сізді невропотологқа жібереді. Ол кісілер ноотроптарды жазып береді. Ал ноотроптар дәлелді медицинасы жоқ. Негізі шетелде невропотологтар біртіндеп ноотроптардан бас тартып жатыр. Кейбір ата-аналар осы препаратты ішкеннен кейін қатты белсенді болып кетті тоқтата алмай қалдық десе, тағы бірі жақсы көмектесті, дұрысталды дейді. Дәлелді медицина ешқашан уәде бермейді. Егер сізге уәде беріп жатса, ондай маманға барудың қажеті жоқ. Әрине, ата-аналарды түсінемін, ондай баланы тәрбиелеу, өмір сүру өте қиын. Ол кісілерде үміт ешқашан өшпейді, және өшпесін де. Бірақ біздің мемлекетте барлық мамандар сізге шындықты айтады деп айта алмаймын. Өйткені, олардың көбі коммерциялық жобалар. Фармкомпаниялармен мен жалғыз өзім күресе алмаймын. Олардың жарнамалары өте жоғары деңгейде. Сәйкесінше, ата-аналар маркетингтің құрбаны болып кетеді», — дейді дәрігер.