Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Естеріңізде болса Түркістан шаһарында 15 жастағы қызды жүкті еткен жігіт елдің жағасын ұстатты.
25 жастағы Кәрім өз баласын ДНК сараптамасы шыққаннан соң ғана мойындаған болатын.
"Астарлы ақиқат" бағдарламасынан соң, Кәрім мен Назакаттың жағдайы еш өзгермеген. Кәрім баласына бармаған, көмек бермеген.
Бұл жағдайдан оңай құтылу үшін "Кәрім өзіне қол жұмсапты" -деген қаңқу сөз Түркістан шаһарын желдей ескен.
Дегенмен бағдарламаға келген Кәрім:
"Мені бәрі болып жатқан жағдайдан оңай құтылғысы келіп, өзіне қол жұмсап қайтыс болды деп шулап жүр екен. Базарға барсам маған қолдарын көрсетіп таң қалып жатады. Ағам мені шақырып алып айтты болып жатқан жағдайды. Мен видео түсіріп тірі екендігімді бәріне мәлімдедім. Менің өлетін ойым жоқ. Барлық нәрсені жеңіп шығум керек" — дейді.