Алматылықтар коронавирусты театрлар мен кинотеатрларда жұқтыра бастады – Бекшин - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар коронавирусты театрлар мен кинотеатрларда жұқтыра бастады – Бекшин

Алматылықтар коронавирусты театрлар мен кинотеатрларда жұқтыра бастады – Бекшин

Алматылықтар коронавирусты театрлар мен кинотеатрларда жұқтыра бастады.

  • 27 Қаңтар 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында науқастардың 40% қоғамдық орындарда, 20% — қоғамдық көлікте, сондай-ақ 28% отбасыларында жұқтырғаны анықталды. Бұл азаматтар дер кезінде ауруханаға оқшауланбай, туысқандарын қауіпке тіккен. Соңғы 3 аптада отбасылық іс-шаралар, той жасау, ас, құдайы тамақ беру көбейген. Одан бөлек қаңтарда ауырғандар арасында кинотеатрлар мен театрларда жұқтырғандар тіркеліп жатыр», — деді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, ауру жұқтырғандардың ішінде 20-39 жас аралығындағы азаматтардың үлесі – 35%, 40-59 жас аралығында – 27-28%.


Алматы қаласының департаменті әлеуметтік қашықтықты, маска-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігі туралы халықты ескерту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отыр.