Қызылордалық жігіт көршісін интернет арқылы тонаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық жігіт көршісін интернет арқылы тонаған

Қызылордалық жігіт көршісін интернет арқылы тонаған

 

  • 28 Қаңтар 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Қызылордалық қаскүнем зейнеткердің аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы оның ақшасын өз шотына аударып алған, деп хабарлайды Caravan.kz порталы,Polisia.kz — ке сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.

Ол өз арызында көршісі — 27 жастағы азаматтың өз аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы өзінің есепшотына 304 000 теңге қаражатын аударып алғанын айтқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қала тұрғындарынан қырағы және сақ болуды сұрайды.