Қыз сүйіктісімен бір күннен кейін үйлену тойын жасауы керек болатын.
Оқиға Уттар-Прадеш штатының Мерат қаласында болды. Мереке қарсаңында бірнеше жыл бойы қарым-қатынаста болған қыздың сүйіктісі желіде олардың бірлескен суреттерін жариялап, туыстарына жіберді.
Фотосуреттерді көріп, олардың қарым-қатынасына қарсы болған қалыңдықтың ағасы ашуға булыққан. Содан кейін ол досынан мылтық алып, қарындасын атып тастады.
Тәртіп сақшылары ер адамды қамауға алды. Ол қылмысын мойындады.