Қытайда COVID-19 вакцинасының жалған партиясы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда COVID-19 вакцинасының жалған партиясы анықталды

Қытайда COVID-19 вакцинасының жалған партиясы анықталды

Қазіргі кезде вакцина ретінде шығарылып келген қарапайым тұзды ерітінді жасаудың жолдары толық әшекереленді.

  • 2 Ақпан 2021
  • 72
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай полицейлері арнайы операция кезінде COVID-19 вакцинасының үлкен көлемдегі жалған партиясын анықтады. Сондай-ақ, 80-нен астам адамды тұтқындап, үш мыңнан астам қолдан жасалған вакцина тәркіледі.

"Кун есімді күдікті өткен жылдың қыркүйек айынан бері серіктестерімен келісе отырып, вакцина ретінде қарапайым тұзды ерітінді шығарып келген. Сонымен қоймай, олар өз "өнімдерін" қымбат бағамен сатып отырған", – деп хабарлады Синьхуа агенттігі.


Қазіргі кезде жалған дәрі жасаудың барлық бағыты мен жолдары анықталып, әшкереленді.

Сондай-ақ, Қытайдың Цзянсу, Шандун және Пекин провинциясындағы жасырын контрафактілік препараттар сататын орындар мен тарату желілері да жойылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай вакцинамен байланысты құқық бұзушылықтармен күресу үшін арнайы науқан бастаған болатын. Соның ішінде контрафактілік вакцина өндірісі мен оның сатылымын, заңсыз тәжірибе жүргізу және вакциналық алаяқтықтың жолын кесу тетіктеріне шектеу енгізген.