Қазақстандық компания Қытайға темір рудасын заңсыз сатты деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық компания Қытайға темір рудасын заңсыз сатты деген күдікке ілінді

Қазақстандық компания Қытайға темір рудасын заңсыз сатты деген күдікке ілінді

Кәсіпорын заңсыз саудадан 1,1 миллиард теңгеден астам (2,6 миллион доллар) пайда көрген. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

  • 4 Ақпан 2021
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыдағы өнеркәсіптік кәсіпорын Қытайға 120 тонна темір рудасын заңсыз сатқан, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, осы жылдың қаңтарында көрші мемлекетке ешқандай рұқсат қағаздарынсыз пайдалы қазбалар жөнелтілген. Агенттік нақты қай компания екенін атаған жоқ.

Тексеру кезінде анықталғандай, кәсіпорын 2016 жылдан 2017 жылға дейін Қытай халық республикасына үлестес компания арқылы 128 тонна темір руда жөнелткен. Осы әрекеттің арқасында кәсіпорын 1,1 миллиард теңгеден астам пайда көрген.

Қаржы мониторингі агенттігі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін бастады. Бұл заңға қайшы әрекет Қазақстан Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2-бөлімі (Бір топ адам бірнеше рет аса ірі көлемде жасаған заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қаралуда. Егер тағылған айып дәлелденсе, күдіктілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.