Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 8 ақпан сағат 00:00 — ден 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын", — делінген қаулыда.
Құжатқа сәйкес, адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шаралар өткізуге тыйым салынады (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, ұзату, құдалық, той, беташар және басқалар).
Жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен кемінде 50% кеңсе қызметкерлерін (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмысқа ауыстыру міндеттелді.
Құжаттың мәтін толық мына жерден оқуға болады.
Бұған дейін Қостанай облысында жексенбі күндері базарлар мен СОО жұмысына тыйым салынғаны хабарланды.