Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа қайта енді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа қайта енді

Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа қайта енді

 

  • 8 Ақпан 2021
  • 43
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ВАК мәліметінше, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Павлодар облыстары бар.

"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Жасыл" аймақта — қалған өңірлер.

Айта кетейік, елімізде кейінгі тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырғаны
анықталды
.

Сондай-ақ 8 ақпандағы жағдай бойынша 27 028 қазақстандық коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 16 770 адам коронавирус жұқтырған, 10 258 науқас пневмониямен ауырып жатыр.