Елордада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Елордада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ресейдің 58 жастағы азаматы ұсталды.

  • 8 Ақпан 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, күдікті 2006 жылы Ресей азаматын телефон арқылы өлтіремін деп қорқытып, ірі көлемдегі ақшасын қолды еткен.

Бұл дерек бойынша Омбы облысы ІІД РФ ҚК 330-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 2019 жылдың 28 ақпанынан бастап ер адам мемлекетаралық іздеуде болды.

Елорда көшелері мен қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін астана аумағында 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.


Полицейлер шетел азаматтары жүруі ықтимал жерлерді, құрылыс нысандарын тексерді.

Іс-шара барысында 150 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Халықаралық іздеуде жүрген 3 шетел азаматы ұсталды, — делінген хабарламада.