Доллар бағамы арзандап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар бағамы арзандап келеді

Доллар бағамы арзандап келеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар теңгеге шаққанда арзандады.

  • 9 Ақпан 2021
  • 64
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан қор биржасында таңертеңгі сауда-саттық қорытындылары бойынша доллар 8 ақпан кешімен салыстырғанда 1,26 теңгеге – бір доллар үшін 417,54 теңгеге дейін арзандады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 9 ақпандағы ресми бағамы бір доллар үшін 418,82 теңгені құрайды.

Айта кету керек, теңге биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша нығаюда. Kurs.kz сайтының деректері бойынша, Алматыда доллар айырбастау орындарында 417,26 теңгеден сатып алынады, бір доллар үшін 418,78 теңгеден сатылады. Нұр-Сұлтанда – 417,34 және 418,47 теңге.