"Қорқытқан сияқты ма өзін?": Түркістандық шал енесімен жақындасқаны жайлы енді басқаша айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қорқытқан сияқты ма өзін?": Түркістандық шал енесімен жақындасқаны жайлы енді басқаша айтты

"Қорқытқан сияқты ма өзін?": Түркістандық шал енесімен жақындасқаны жайлы енді басқаша айтты

Еліміздегі танымал ток-шоулардың бірінде енесімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындаған 54 жастағы Үсен Ерметов енді ол сөздерін жоққа шығаруда.

  • 9 Ақпан 2021
  • 808
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Эфирден кейін үш-төрт күн өткеннен соң инстаграм әлеуметтік желісінде Үсен Ерметовтың түсірген видеолары пайда болды.

Оның айтуынша: "Мен енеммен ешқандай төсек қатынасына түспегенмін. Эфирде мен жайлы жаман сөздер айтқаны үшін, менде солай өш алғым келді. Мен енемнен, қазақ елінен кешірім сұраймын. Ешқандай жыныстық қатынаста болған емеспін" — деді.

Дегенменде оқырман пікіріне назар аударсақ:

"Бұл кісіні қорқытып айтқызып отыр ғой", "Өздігінен бұлай айтпайды", "Нең бар олай айтып шал","Түрмеге отырмаған ба әлі" — деген пікірлер жазылуда.

Еске салса, туған келінімен төсектес болып жүрген қария "енеммен де жатқанмын" деп айды аспанға бір-ақ шығарған болатын.