Volkswagen компаниясы ұшатын көліктер құрастырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Volkswagen компаниясы ұшатын көліктер құрастырмақ

Volkswagen компаниясы ұшатын көліктер құрастырмақ

Volkswagen ірі еуропалық автоөндірушісі Қытайда ұшатын автомобильдерді жасаудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде.

  • 11 Ақпан 2021
  • 93
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, неміс компаниясының басшылығы «болашақтың ұтқырлығы» стратегиясы аясында Қытайда ұшатын автомобильдерді шығару мүмкіндігін талқылауда.

Қытайдағы Volkswagen компаниясының бөлімшесінің басшысы Стефан Вулленштейн Қытайда лицензия алуға болатын дрон жасағысы келетінін айтты. Оның пікірінше, бұл Volkswagen-ге болашақ нарықта орын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Volkswagen Қытайда сертификаттауға болатын ұшқышсыз ұшақты әзірлеуде. Егер бұл орын алса, неміс концерні жаңа көлік құралын алғашқы өндірушілер мен сатушылардың бірі болады.


Бұған дейін Жапонияда ұшатын көлік сәтті сынаған еді.

BAQ.KZ