Алматыға биыл 233 жаңа автобус жеткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға биыл 233 жаңа автобус жеткізіледі

Алматыға биыл 233 жаңа автобус жеткізіледі

Биыл Алматыда 200-ден астам автобус сатып алу жоспарланып отыр.

  • 16 Ақпан 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мегаполисте қоғамдық көліктің жұмысын жақсартып, жолаушылар тасымалы сапасын дамыту мақсатында 2021 жылы 233 бірлік автобус сатып алынады.

«Алматылектротранс» ЖШС 150 газбен жүретін автобус сатып алады.Сонымен қатар жеке меншік тасымалдаушылар 45 қоғамдық көлік пен 38 бірлік электр автобустарын жеткізеді», — деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

Сонымен қатар, биыл Алматы метросы да поездар санын артыруды көздеп отыр.


Айта кетейік, бүгін газбен жүретін жаңа автобустар мегаполистің қоғамдық көлік паркін толықтырды.