Қарлы боран болады: Елімізде ауа температурасы төмендейді - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарлы боран болады: Елімізде ауа температурасы төмендейді

Қарлы боран болады: Елімізде ауа температурасы төмендейді

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 17 Ақпан 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Синоптиктердің мәліметінше, есепті кезеңде Қазақстанның ауа райын Оңтүстік Каспий циклоны анықтайды.

"Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, елдің солтүстік жартысында қарлы боран болады. 19 ақпаннан бастап еліміздің басым бөлігінде антициклон басып кіріп, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілуде.

Республиканың солтүстік жартысында түнде — 15-33℃ дейін, оңтүстігінде — 0,+5℃, кей жерлерде — 10-15℃. Республика бойынша жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады", — деді "Қазгидрометте".