“Итке сүйек тастағандай”: Белгілі журналист Мадина Сәдуақасованы сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Итке сүйек тастағандай”: Белгілі журналист Мадина Сәдуақасованы сынап тастады

“Итке сүйек тастағандай”: Белгілі журналист Мадина Сәдуақасованы сынап тастады

Белгілі журналист Жолымбет Мәкіш Facebook желісіндегі парақшасында Мадина Сәдуақасованы сынап тастады.

  • 2 Наурыз 2021
  • 500
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Халықты өсек пен қысыр әңгіме іздеп тұратын қара тобыр қылып тәрбиелеп жатқан екі нәрсе бар болса, соның біреуі — «Қалаулым» сияқты әртүрлі мағынасыз, мәнсіз, түкке татымайтын арзан дүниелер ашып тастаған телеканалдар да, екіншісі – инстадағы «жұлдыздар». Соларға қарап біреудің алдында, біреудің артында келе жатқанына шүкіршілік етуден қалып, мына ел дайын нәрсеге, тегін нәрсеге құмартып тұратын қайырымсыз, қатыгез болып барады. Мәдина Сәдуақасова отасқанына 7 жыл болғанын, байы өзінен 7 жас кіші екенін атап өткелі жатқанын жазыпты инстаға. Соны аз уақытта 4 миллион адам қарапты. 4 миллион адам! Қазір сонда бүкіл елдің тағдыры шешілгелі жатқандай қырғын пікірталас болып жатыр екен. Епт, біз сонша топас, надан болып кеткенбіз бе, немене?! 4 миллион дегенің халықтың тең жартысы ғой! Итке сүйек тастағандай қылып, халықты сондай тақырыпқа үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ! 4 миллион адамды қорасындағы мал құрлы көрмей отыр ғой бұлар. Мәдинаның да, халықтың да деңгейі бір-біріне сай екен", — деп жазды ол.

Перейти к новостям спорта