”Азиядағы жартылай финал”: Төрехан Сабырхан өзбек боксшысымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.88
  • € 503.61
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Азиядағы жартылай финал”: Төрехан Сабырхан өзбек боксшысымен кездеседі

”Азиядағы жартылай финал”: Төрехан Сабырхан өзбек боксшысымен кездеседі

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалға жолдама алды.

  • 28 Қыркүйек
  • 1
Фото - ҚР бокс федерациясы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында отандасымыз Ирак өкілі Али Касим Хамдан Аль-Сарраймен жұдырықтасты. Төрехан қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, қазақстандық боксшы Азиада-2026 жүлдесіне кепілдік берді.

Төрехан Сабырханның жартылай финалдағы қарсыласы да белгілі болды. Ол 30 қыркүйек күні Өзбекстан құрамасының боксшысы Шавкатжон Болтоевпен кездеседі. Өзбек спортшысы ширек финалда Қытай өкілі Ли Гуофэнді 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Еске салайық, Төрехан Сабырхан Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде Катар боксшысы Мұхаммед Дбичиді 5:0 есебімен жеңген болатын. Сол кездесуде ол қарсыласын нокдаунға түсірген еді.

Айта кетейік, Азия ойындарындағы бокс турнирі 2 қазанға дейін жалғасады. Ал Азиада-2026 ойындарының өзі 4 қазанда аяқталады.