Алтынбек Сәрсенбайұлының талантты журналисті найман болғаны үшін жұмысқа алдыртпағаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтынбек Сәрсенбайұлының талантты журналисті найман болғаны үшін жұмысқа алдыртпағаны рас па?

Алтынбек Сәрсенбайұлының талантты журналисті найман болғаны үшін жұмысқа алдыртпағаны рас па?

Белгілі журналист Қайнар Олжай сұхбаттарының бірінде белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының рушылдықпен күресі жайлы айтып берді.

  • 3 Наурыз 2021
  • 552
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Есболат Айдабосын Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бірде "Егемен Қазақстан" газетінде бір орын босады, Шерхан Мұртаза өзің қалаған бір азаматты қызметке ал деді. Алтынбек Сәрсенбайұлы бас редактор болған "Өркен", — деген газет шығатын. Сол "Өркен", — деген газетта талантты журналист бар екен, жазғандары ұнады. Оны шақырдым да сөйлестім. "Жазғандарың жақсы екен, Егеменге келесің бе?", — деп едім "Бірден иә", — деді. Өркен деген газеттен Егемен Қазақстанға келу үлкен биіктік. Ол кезде қызметке алу тәртібіі болатын, Шерхан Мұртазаның атынан "Өркен" газетінің бас редакторы Алтынбек Сәрсенбайұлының атынан хат кетті. "Мына хатты Алтынбекке бересің, Алтынбек хатты алғаннан кейін сені бізге жібереді", —  дедім. Біраз уақыт өтті, жігіт әлі жоқ. Бір күні оған қоңырау шалдым. Содан ол "Сен найман болғандықтан найман ағаң қызметке шақырып тұр екен, сондықтан бармайсың", — депті. Мен оның найман екенін Алтынбек Сәрсенбайұлының аузынан естідім. Алтынбектің ойы дұрыс, ол рушылдық үшін күресті. Бірақ, мен ол жігіттің руын сұрамаған едім. Мен оның руын сұраған жоқпын, талантына қарадым. Найман бір-бірімен жүрмесін деп солай жасаған. Рушылдықпен осылай күресу керек", — деді ол.


 

Қайнар Олжай рушыл ма? Алтынбек Сәрсенбайұлы рушылдықпен қалай күресті? #Эфирге сыймай қалса да ел көрсін деп… #Қайнар_Олжай #Қателік

Posted by Есболат Айдабосын on Tuesday, March 2, 2021

 

Перейти к новостям спорта