Биыл коронавирустан біржола арылу жылы болуға тиіс - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл коронавирустан біржола арылу жылы болуға тиіс - Тоқаев

Биыл коронавирустан біржола арылу жылы болуға тиіс - Тоқаев

Президент індетпен күресте түбегейлі бетбұрыс қажет екенін айтты.

  • 1 Сәуiр 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы биыл еліміз коронавирустан біржола арылу жылы болуы керек екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңесте айтты.

"Биыл — қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс деп санаймын", — деді Тоқаев.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда коронавирус індеті
қайта өршіп бара жатқанын
айтқан болатын. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен үкіметті сынға алған еді.