Шығын - 600 млн теңге: тағы бір ұйым қаржы пирамидасы ретінде танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығын - 600 млн теңге: тағы бір ұйым қаржы пирамидасы ретінде танылды

Шығын - 600 млн теңге: тағы бір ұйым қаржы пирамидасы ретінде танылды

Алматыда «Astra Consulting agency» ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды.

  • 14 Сәуiр 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы компания басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы мәлімдеме полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түскенін еске түсірді. Бүгінде  зардап шеккендердің ресми саны – 124 адам.

«Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы девиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекет жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісі халықаралық іздеуге жарияланды. Күдіктілердің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) бойынша квалификацияланған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 245 283 теңгені құрады. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, олар 8-701-732-86-54 телефон нөмірі арқылы тергеушіге хабарласуына немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі 55 үйге келіп ресми өтініш жазуға болады.