Қазақстандық оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке бара ала ма - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке бара ала ма

Қазақстандық оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке бара ала ма

Есмағамбетованың айтуынша, қазіргі кезде республикада он жасқа дейінгі балаларға вакцина салуға тыйым салынған.

  • 6 Мамыр 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағабетова оқушылар қай кезде мектепке оралатынын айтты.

"Қазір бізде айтарлықтай қуатты қару – вакцина пайда болды. Сол себепті егер жаңа оқу жылына дейін ұжымдық иммунитетке қол жеткізсек немесе тым құрығанда халықтың басым бөлігін вакциналасақ, бұл балаларды қорғауға мүмкіндік береді", – деді Есмағамбетова брифингте.

Қазір республикада он жасқа дейінгі балаларға вакцина салуға тыйым салынған.


"Балалардың отбасында, түрлі ұжымдарда вирус жұқтырмағаны өте маңызды. Сол себепті сіздерді тағы бір мәрте вакцина салдыруға шақырамын. Бұл 1 қыркүйекте балалардың мектепке, ал студенттердің университтер мен колледждерге оралуына мүмкіндік береді", – деді ол.