"Сол кездегі жеңіл жүрістілердің де ұяты болғаны екен ғой" - Салтанат Абылбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сол кездегі жеңіл жүрістілердің де ұяты болғаны екен ғой" - Салтанат Абылбекова

"Сол кездегі жеңіл жүрістілердің де ұяты болғаны екен ғой" - Салтанат Абылбекова

Журналист Салтанат Абылбекова жеңіл жүрісті қыздардың ертерек кезде де болғаны жайлы, бірақ олардың қазіргідей емес сәл де болса ұяты болғаны туралы айтты.

  • 25 Мамыр 2021
  • 296
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол бастан өткен оқиғасы жайлы былай деп жазды.

 "Үшінші сынып оқып жүрген кезімде , қолым сынып, әкем мені Түркістанның больницасына алып келген. Қолыма сықитып гипс салып берген соң, сол жердегі көпқабатты үйлердің арасынан өтіп, сол маңдағы бір туыстың үйіне қарай келе жатқанбыз. Папам деген красавчик қой. Көпқабатты үйлердің алдында пісте шағып отырған екі апай папама қарай фышшшт -деп ысқырды да, жүгіріп келіп, әй -шай жоқ, "Жүр үйге барып шай ішейік" — деп жармаса кетті. Оларды бір туысымыз болар — деп топшылаған мен мен әлгілерге тақылдап саламатсыз ба? -деп қоямын. Әлгінің бірі:

— бұл қызың ба? Довай қызың осы жерде отыра тұрсын, сен бізбен бірге шай іш- деп қоймайд.

— Отыра тұрғаны несі? Маған шай бермей ма не? Қонақжайлылықтан жұрдай оңбаған туыс екен ғой өздері -деп ойлап қоямын өзімше.


Бір кезде әкем:

— Ой оңбаған қатындар, шайларың да, өздерің де құрыңдар, лас қолдарыңмен ұстамаңдар мені! -деп ұрсып берді.

Шайға шақырған апайларға әкем неге ашуланды? -деп ойлап, сол бойы ой түбіне жете алмай кеткен едім. Кейін ес білгесін ойлап қарасам, әлгі тәтелер "анандайлар екен ғой. Әкем молодец и негізі берілмеді. Әй бірақ, сол кездегі жеңіл жүрістілердің ашық саудаласуға арланып "шай ішейік" деп астарлап жеткізгені, ұяты болғаны екен ғой",- деп жазды журналист.