Алматыға «Спутник V» екінші компонентінің 36 мың дозасы жеткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға «Спутник V» екінші компонентінің 36 мың дозасы жеткізіледі

Алматыға «Спутник V» екінші компонентінің 36 мың дозасы жеткізіледі

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мегаполисте коронавирусқа қарсы қанша вакцина қалғанын айтты.

  • 9 Маусым 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарма мәліметінше, қазір Алматыда «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті жеткілікті деңгейде. Мәселен, 4 транштан – 446, 5 тарнштан – 634, 6 транштан – 2091, 7 транштан – 7152 доза қалған.

«Қала бойынша «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті №4 қалалық емханада, Mega ойын-сауық орталығында, №29 қалалық емханада және өзге де медициналық ұйымдарда бар. Екпе салу орындарында вакцинаның бірі бітіп қалса, науқас басқа вакцина пунктіне жіберіледі»,- деп хабарлады ведомствадан.

Қала бойынша күніне 1200-3000 дейін адам вакцинаның 1 және 2-ші компонентін салдырады. Басым көпшілігі вакцинаның 2-ші компонентін алып жатыр. 2-ші компоненттің қорда тұрған 13 688 дозасы 6-7 күнге ғана жетеді. Медицина орталығының көпшілігінде 30-дан 300-ге дейін ғана доза бар.


«45 серия бойынша сапа және қауіпсіздік сертификаты әкелінді. Сондықтан бүгіннен бастап «Спутник V» вакцинасы екінші компонентінің 36 мың дозасы Алматының екпе орындарына жеткізіледі»,- деп түсіндірді басқармадағылар.