70-тен астам отандық ЖОО мен мектептер студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар студенттер ұлттық кубогының финалына, сондай-ақ екінші республикалық оқушылар кәсіпкерлігі чемпионатына қатысуда.
ENACTUS — бұл жастарды көшбасшылық пен кәсіпкерлікке оқытудың ең ірі халықаралық платформасы. Жоба 1975 жылы АҚШ-та пайда болды, қазір әлемнің 37 елінде, оның ішінде Қазақстанда да жүзеге асырылуда. Жыл сайын ұлттық кубокта ENACTUS-тың университет пен оқушылардың бизнес-командалары 100-ден астам әлеуметтік, экологиялық, инновациялық және коммерциялық бағыттағы жобаларды ұсынады. Ұлттық кеңсе жыл бойы тұрақты бизнес-процесті ұйымдастыруға көмектесіп, жобаға қатысушылармен, бизнес-тәлімгерлермен, демеушілермен жұмыс істейді.
Сонымен қатар, жастардың іс-әрекеті бәсекелестік рухын қалыптастырады, өйткені бизнестегі сияқты ENACTUS-та да олар бәсекелестік идеяларды дамыту мен инновацияларды дамытуды ынталандырады деп санайды.
Ұлттық кубок — бұл жарыстың қорытынды шарасы. 2021 жылы елдегі 52 жоғары оқу орны мен 20-дан астам мектеп студенттер мен оқушылардың кәсіпкерлігі ұлттық кубогына қатысуға өтініштерін жіберді. Іріктеу нәтижесінде еліміздің әр қалаларынан 30 жоғары оқу орны мен 14 мектеп командасы қабылданды.
«Сіздердің энергияңыз, біліміңіз және білім беру, экологиялық, әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы жобаларды жүзеге асыру арқылы осы әлемді жақсартуға деген үлкен ынта қолдауға мұқтаж көптеген адамдарға көмектеседі», — деді Асхат Аймағамбетов, жоба қатысушыларына.
Ол мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті, қол жеткен дағдылар балаларға оқу бітіргеннен кейін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға әрі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
— Бұл жобалар фестивалі
— бұл жасампаз қазақстандық жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына арналған трамплин.
ENACTUS Қазақстан қызметі қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың отандық бизнесті дамытуға белсенді қатысуына бағытталған, — деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істер комитетінің басшысы.
Қазақстандық блокчейн технологиялары қауымдастығының басқарма төрағасы Сапар Ахметов Қазақстан төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында өмір сүріп жатқанын еске салды, демек, басымдық жаңа идеялар мен жаңа «цифрлық данышпандарға» жасалуы керек.
— Мұнда жарияланған жобалардың қаншалықты болашағы зор — оны уақыт көрсетеді. Бірақ кәсіпкерліктің даму тарихына, әр түрлі салалардың даму тарихына көз жүгіртсеңіз, мұнда бәрі алдымен бәрі жастардың санасында туындағанын байқаймыз. Мысалы, Виталий Бутеринді алайық, 16-17 жасында бүкіл әлемге таралып кеткен криптовалютаны дамыттты. Ал қазіргі кезде шығармашыл жастар прогрестің қозғаушы күші болып табылады.
Біз олардың қандай идеялары бар, оларды не мазалайтынын, қалай алға жылжитынымызды және қандай бағыттарды қолдайтынымызды түсінгіміз келеді. Егер мұнда ұсынылған барлық идеялардың кем дегенде 1-2-і іске асса, бұл біздің мемлекетіміздің игілігі үшін болады, — деп түйіндеді Сапар Ахметов.
Әділқазылар алқасы ең сәтті деп табатын топтар, жобалар дамытуға арналған гранттарды жеңіп ала алады.