Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Барлығы менің өгей әкемді біледі, бірақ әлі ешкім әкемді көрген жоқ. Міне ол. Сүйкімді. Қолы ашық, мейірімді болған деседі. Кубенов Адайбек. Ұқсаймыз ба?" — деп бөлісті инста жұлдыз.
Айжұлдыздың әкесі анасы жүкті кезде өмірден қайтқан.
"Оны ешқашан көрмесем де, оған деген жылы сезімдемін, алғысым шексіз. Менің мінезім мен мейірімділігіңіз үшін рахмет. Бұл сізден, папа", — деп жалғады сөзін ол.