Резервтегі әскери қызмет туралы заң жобасын қоғамдық талқылау аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Резервтегі әскери қызмет туралы заң жобасын қоғамдық талқылау аяқталды

Резервтегі әскери қызмет туралы заң жобасын қоғамдық талқылау аяқталды

Бүгін резервтегі әскери қызмет туралы заң жобасын қоғамдық талқылау аяқталады.

  • 27 Шiлде 2021
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі құжатты 12-ші шілдеде электронды үкімет порталында жариялаған. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, әскери қызметтің бұл түрін енгізудегі басты мақсат – ұрысқа қабілетті әскери бөлімдерді арттыру және жұмылдыруға жұмсалатын, уақытты қысқарту. Арғысы  – әлемдегі, бергісі – Орталық Азиядағы ахуал баршаға аян. Сондықтан қазір әр мемлекет етек-жеңін қымтап, қауіпсіздікке баса мән беріп жатыр. Еліміздің Қорғаныс министрлігі қазіргі сын-қатерлерді қаперде ұстап, оларға тұрақты талдау жүргізеді. Сарапшылар төтенше жағдайларда қарулы күштер мен жұмылдыру резерві қолданыстағы заңнамаға сәйкес тартылуы мүмкін екенін айтады. Осыған байланысты министрлік резервтегі әскери қызметті енгізу жөнінде заң жобасын әзірлеп, оны қоғамдық талқылауға шығарған. 

Руслан Тапашев ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері:

– Резервтегі әскери қызметті енгізудің себебі, мақсаты – адам ресурстары мен резервтегі әскери бөлімдерді кепілді түрде жасақтау және ұрысқа қабілетті бөлімшелерді құру. Резервтегі әскери қызметке шақыру қазіргі таңда қолнадыстағы заңға сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырамыз, ол дәл солай, соған ұқсас жүргізіледі. Бұл жерде басымдық резервке қызметке кандидаттың әскери даярлығына басты назар аударылады. Құжатқа сәйкес бұл – азаматтың негізгі жұмысына қосымша ретінде, 3 жылдық келісімшарт негізінде жүзеге асатын қызмет. Мамандарды даярлау жұмысына жылына 60 күннен аспайтын уақыт қарастырылған. Ал оқыту бағдарламасы айына екі рет өткізілетін дәріс пен оқу-жаттығу жиындарынан тұрады. Бұл уақытта әскери бөлімдер резервтегі қызметшіні киіммен, казармамен және азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Соднай-ақ оларға әскери техника мен қару-жарақ беріледі. 

Бақытхан Сәлімов ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары


– Жауынгерлік бөлімдерге резервтік қызметке салыстырмалы түрде жастау мамандар шақырылады. Офицерлік құрам 50 жасқа дейін, ал сержанттық құрам 40 жасқа дейін қарастырылған. Ал тыл бөлімдерінде сержанттық құрам 50 жасқа дейінгі, ал офицерлік құрам 60 жасқа дейінгі азаматтармен жасақталады. Ал әйелдер үшін 45 – шекті жас болып есептеледі.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабаралуынша, резервтегі әскери қызмет төтенше жағдай кезінде қысқа мерзімде әскери бөлімге жететін, алға қойылған міндеттерді орындауға даяр әрі тыңғылықты дайындықтан өткен мамандардың санын арттыруға көмектеседі. Ал заң жобасын келесі жылдың екінші жартысында Парламентте қорғау жоспарланып отыр.