Ақтөбеде әкесі өзінің 1 жасар баласын көлікпен қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде әкесі өзінің 1 жасар баласын көлікпен қағып кетті

Ақтөбеде әкесі өзінің 1 жасар баласын көлікпен қағып кетті

Ақтөбеде әкесі өзінің бір жасар баласын көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Поли

  • 10 Тамыз 2021
  • 300
Фото - Caravan.kz

Полиция мәліметінше, оқиға 7 тамыз күні орын алған. Бау-бақша ұжымындағы өз үйінің ауласында 48 жастағы Opel Astra автокөлігінің жүргізушісі артқа жүремін деп бір жастағы баласын қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Өз кезегінде Ақтөбе облысының полиция департаменті жолдарда және аулаларда қырағы болуды өтінді.