Алматыда қыздарды тоғайда торуылдап, зорлап жүрген азамат сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қыздарды тоғайда торуылдап, зорлап жүрген азамат сотталды

Алматыда қыздарды тоғайда торуылдап, зорлап жүрген азамат сотталды


Алматыда Баум тоғайында қыздарды торуылдап, пышақпен қорқытып зорлап жүрген азамат сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 12 Тамыз 2021
  • 4853
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты.

Оның сөзінше, ер азамат ҚК-нің 2-бабы 4-бөлімі “Жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері” бойынша сотталды. Бұған қоса, Әбдірахманов қылмыскердің суретін жариялады.

“20 жастағы ер азамат тоғайдағы көшелерде қыз-келіншектерді торуылдап, оларды пышақтаймын деп қорқытып, зорлық әрекеттерін жасаған”, – дейді ол.

Күдіктінің төрт қылмысқа қатысы бары анықталыпты. Десек те оның қанша уақытқа түрмеге қамалғаны айтылмады. Аталған бап бойынша сотталушы 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.