Карантин талабын бұзған Бүркітке айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантин талабын бұзған Бүркітке айыппұл салынды

Карантин талабын бұзған Бүркітке айыппұл салынды

Алматыда бургер орталығының ашылуына қатысқан жұлдыздарға айыппұл салынды.

  • 12 Тамыз 2021
  • 959
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

8 тамыз күні Royal Tulip Almaty қонақүйінде көптеген қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен Black Star Burger орталығының ашылуы өтті.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов атап өткендей, ойын-сауық мекемелерінің иелері әкімшілік жауапкершіліктен және ірі айыппұлдардан сытылып кету үшін жеке адамдарға немесе әртүрлі жеке кәсіпкерлерге бұл орындарды жалға береді.

«Royal Tulip Almaty қонақүйінде шектеу және карантиндік талаптарды бұзу фактісі бойынша әкімшілік өндірісті қарау барысында мыналар анықталды: шектеулі карантиндік талаптардың бұзылуын ұйымдастырушы – ЖК Култасов Е.М. Royal Tulip Almaty ол азаматқа келісім бойынша жаздық алаңшасын жалға берген» , – деді Сәдуақас Байғабұлов.

Жеке кәсіпкерге «Халықтың санитарлық -эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша хаттама толтырылып, шара қолданылды. Айыппұл 230 АЕК-ті (670 мың теңге) құрауы мүмкін.


Сонымен қатар, ол шараға қатысқан әнші Луина мен оның жұбайына, әнші Бүркітке 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) көлемінде хаттама толтырылғанын мәлім етті.

«Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іс-шараның қалған қатысушыларына мониторингтік топ шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр, оларға да әкімшілік шаралар қабылданылады», — деді департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.