Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, «Хайвилл Астана» тұрғын үй кешеніне гүл жеткізіп берген курьер лифт арқылы басқа ер адаммен бірге төмен түспек болған. Оның қолындағы үлкен қорапты көрген ол оны өткізіп жіберу үшін лифт батырмасын басқан, сол мезетте ол салданып қалған.
Қасындағы ер адам курьерге көмектеспек болып, қолындағы қораппен батырмаға жабысқан қолын ажыратпақ болады.
Курьердің сөзінше, ол ес-түсінен айырылып, оянған кезінде ауруханада жатқанын, екі иығы шығып кеткенін және екі бұғанасы сынғанын білген.
Ер адам осы оқиғаға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды талап етеді.
Осы оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі түсініктеме беріп өтті.
7 тамызда «Хайвилл Астана» тұрғын үй кешенінде 24 жастағы елорда тұрғынын домофон құрылғысынан тоқ соқты деген хабарлама келіп түсті. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.