Коронавирустың таралуы бойынша қай өңір "сары" аймақта тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирустың таралуы бойынша қай өңір "сары" аймақта тұр

Коронавирустың таралуы бойынша қай өңір "сары" аймақта тұр

Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай құбылып тұр. Өңір 12 тамыздан бері "сары" аймақта.

  • 13 Тамыз 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомстоаралық комиссия өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Соған сәйкес, 12 тамызда "сары" аймаққа Түркістан облысы енді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдай құбылып тұр. Бұған дейін өңір 3 тамызда "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Ол кезде бір тәулікте облыста 122 адамнан коронавирус табылды. Ал 4 тамызда тәуліктегі науқастар саны 110-ға түсіп, облыс "жасыл" аймаққа өтті. Кеше науқас саны 121 адамға жетті.

Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр. 


Айта кететіні, өткен тәулікте 7 798 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы (1 384 адам), Алматы қаласы (1 510), Қарағанды облысы (1 127 адам) көш бастап тұр.

Ал ең аз науқас Түркістан облысында (121 адам), Жамбыл облысында (135 адам), Солтүстік Қазақстан облысында (159 адам) тіркелді.