Балконда қараусыз қалған: Атыраулық тұрғыннан төрт баласын тартып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балконда қараусыз қалған: Атыраулық тұрғыннан төрт баласын тартып алды

Балконда қараусыз қалған: Атыраулық тұрғыннан төрт баласын тартып алды

31 жастағы әйел балаларын танысының үйіне қалдырып, кейіннен көршілері төрт баланың көп қабатты үйдің балконында отырғанын көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

  • 15 Тамыз 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz


Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 тамызда 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалып, көп қабатты үйлердің бірінің балконынан төрт баланың құлап кету қаупі бар екенін хабарлаған.

"Бұл хабарламаға сәйкес полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, тексеру барысында Қызылқоға ауданының 31 жастағы тұрғыны балаларын Атырауда тұратын досының үйінде қараусыз қалдырғанын анықтады. Сондай -ақ, аталған әйелдің алкогольдік ішімдіктерді тұтынатыны және ішкі істер органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Төрт бала Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді. Қазіргі уақытта әйелге қатысты жинақталған материалдар қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ата-аналық құқықты шектеу туралы ұсыныспен жіберілетін болады" ,- деп хабарлады полиция.