Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Республикалық маңызға ие Мерке – Шу – Бурылбайтал тас жолының су шайған бөлігі де қалпына келтірілді. Бұл туралы Шу ауданының әкімі хабарлады. Қалпына келтіру жұмыстарына 50 адам мен 20 техника жұмылдырылды. Олар жолдың зақымданған бөлігін 7 сағат бойы жөндеген.
Еске салайық, жауын-шашын тас жолдың 3 метрін шайып кеткен. Соның салдарынан теміржол көпірі зақымданып, пойыздардың қозғалысына уақытша шектеу қойылған болатын.