Ақтөбе облысында шахтадағы апаттан бір жұмысшы мерт тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында шахтадағы апаттан бір жұмысшы мерт тапты

Ақтөбе облысында шахтадағы апаттан бір жұмысшы мерт тапты

16 тамыз сағат 11:45 -те Дөң тау-кен байыту комбинаты (Хромтау) Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахта учаскесіндегі ұңғыма жұмыстары кезінде жазатайым оқиға болды.

  • 17 Тамыз 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

Екі қызметкер жарылыс толқынының астында қалған. Маркшейдерлік жұмыстар кезінде тау-кен жұмысшысы қаза тауып, екінші учаскелік маркшейдер жараланды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда», — делінген хабарламада.

«Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан және зардап шеккен қызметкерлердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі.


Дөң кен-байыту комбинаты– хром кентастарын өндірумен және оны байытумен айналысатын кәсіпорын. Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Хромтау қаласында орналасқан.