Ауғанстандағы жағдайға байланысты Қазақстан әскері қырағылықты күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстандағы жағдайға байланысты Қазақстан әскері қырағылықты күшейтті

Ауғанстандағы жағдайға байланысты Қазақстан әскері қырағылықты күшейтті

 

  • 17 Тамыз 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

Ауғанстандағы жағдайдан кейін Қазақстан әскері қырағылық күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
 

Ведомство мәлемінше, Ауғанстан Ислам Республикасындағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданған. Ең алдымен, бұл арнайы операциялар, майдан және әскери-көлік авиациясына, әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты болып отыр.

Қорғаныс министрі өңірдегі жағдайды қадағалау және талдау, күштер мен құралдардың тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыру бойынша міндеттер қойды. Жоғары қырағылықты қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметшілердің кезекшілік атқаруы бойынша жүктемені бірдей бөлу қажет екені айтылды.

"Туындайтын сын-қатерді ұдайы бағалап, қазіргі уақытта біз үшін анағұрлым маңызды және негізгі күш-жігерді қайда бағыттау керек екенін айқындау қажет", — деді генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Алдағы аптада взводтардың жауынгерлік оқ атуы, әскери міндеттілермен жиындар, батальондармен бақылау сабақтары жоспарланып отырған әскерлердегі жауынгерлік оқу-жаттығу барысы туралы баяндалды.


Армиялық халықаралық ойындарға қатысушылар конкурстар өтетін орындарға келіп, 22 тамыздан бастап "АрХО — 2021" конкурстарына қатыса бастайды.

Запастағы, әсіресе тапшы мамандығы бар офицерлерді әскери қызметке шақыру мәселесі көтерілді. Армияның эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысуы запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери кафедраларда дайындалатын және офицер атағын алғаннан кейін армияда қызмет өткергісі келмейтін әскери дәрігерлердің қажет екенін көрсетті.

Заңнамаға офицер әскери атағын алған әскери кафедраны бітірушілерді міндетті түрде әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақыру бойынша түзетулер енгізу тапсырылды.