Жамбылдағы жарылыс: Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдағы жарылыс: Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

Жамбылдағы жарылыс: Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

 

  • 31 Тамыз 2021
  • 75
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімшедегі жарылыс дерегі бойынша толық және объективті тексеру мақсатында Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 462-бабының 3-бөлігі 2 және одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан оқ-дәрінің жарылуына қатысты жүргізіліп жатыр, — деді ол.

Нұрділда Ораз оқиға орнында саперлар жұмыс істеп жатқанын айтты.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Кинологтар да іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнынан 15 әскери қызметші мен құтқарушының денесі табылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 800 полиция мен ұлттық ұлан қызметкерлері жұмылдырылды, — деді ол.


Оның айтуынша, оқиға орнындағы жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған.