Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның хабарлауынша, облыста 739 мың адам тұрып жатыр. Науқан кезінде бір мыңнан аса санақшы мекен-жай деректерін нақтылайтын болады. Осы ретте өңірдегі елді мекендердің схемалық карталары әзірленді.
Халық санағы үшін 91 сұрақтан тұратын санақ парақтары жасалды: 69 – негізгі, 22 – нақтылаушы. Дәстүрлі сұрақтармен бірге санақ парақтарына қосымша сұрақтар енгізілді, оның ішінде халықтың санақ кезіндегі респонденттердің орналасқан жері, ҚР аумағына басқа елден уақытша келгендер, олардың келу мақсаты және тағы басқалар. Ұлттық санақ кезінде тұрғындар белсенді болуы керек. Көші-қон, жұмыспен қамту, тілдерді меңгеру деңгейі, дін, өзге де мәселелер бар. Халық санағы кезінде: елде тұрақты тұратын ҚР азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқтар, ұзақ уақытқа шет мемлекетке іссапарға шыққандар; келісім-шарттар бойынша шетелге оқуға немесе жұмысқа кеткендер; елден демалысқа, емделуге, қонаққа уақытша кеткендер; шетелден ҚР тұрақты тұруға келген немесе пана іздеген қоныс аударушылар; Қазақстан Республикасының аумағында уақытша (12 айдан аз) тұрғандар есепке алынады, — дейді Ербол Аманбаев.
Оның айтуынша, қазақстандықтар халық санағына өздеріне ыңғайлы тәсілмен қатыса алады. Ұлттық халық санағының сұрақтарына сұхбат алушымен әңгіме барысында онлайн немесе дәстүрлі түрде жауап беруге болады.
Халықты онлайн-санақпен барынша қамту мақсатында messenger арқылы да санақ парақтарын толтыруға болады. Сол сияқты «электрондық үкімет» сайтының басты бетінде egov.kz мамандандырылған сайтқа сілтеме бар. Сондай-ақ қазақстандықтар 88000800878 ұялы, 1446 бірыңғай телефон нөміріне тегін қоңырау шалып кез келген сұрақтарға жауап ала алады. Санақты дайындау мен өткізуге қатысты барлық ақпаратты сайттан алуға болады. Онлайн санақтың бірнеше артықшылығы бар. Аталған жүйе жиырма төрт сағат бойы қолжетімді, қажет болған жағдайда бланкіні толтыруды тоқтатуға және респондент үшін ыңғайлы уақытта жалғастырылады. Әр тұрғын зерттеуге қашан қатысатынын өзі шешеді, ал бұл жауаптардың сапасын арттырады. Онлайн-санақ кезінде адам факторының ықпалы азайып, нақтылық деңгейі артады. Сұхбат берушінің жеке сипаттамаларының әсері, оның көңіл-күйі және кейбір адамдардың сезімталдығы-мұның бәрі алынған мәліметтерге әсер етеді, — дейді департамент жетекшісі.
Сандық технологиялар қаншалықты алысқа кетсе де санақ кезінде дәстүрлі әдіссіз де мүмкін емес. Жаппай сауалнама ағымдағы жылдың 1-30 қазан аралығында интервьюерлермен электрондық планшеттерді пайдалана отырып жүргізіледі.
Интервьюердің барлығы вакцинацияланды, жеке қорғаныш құралдары: медициналық маскалар, антисептиктермен қамтамасыз етілді. Сұхбат алушыны арнайы киімі және басқа да міндетті атрибуттар бойынша (санақ логотипі бар көк түсті шарф пен портфель) білуге болады. Әрбір интервьюерде мынадай деректер көрсетілген куәлігі бар бейдж болуы тиіс: фотосурет, толық аты-жөні, құжаттың берілген күні және қолданылу мерзімі статистика органы аумақтық бөлімшесі басшысының қолымен және мөрімен расталған. Онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында дәстүрлі санақ өткізілетін болады. Интервьюерлер электрондық планшеттерді пайдалануда. Сондықтан тұрғындар олардың деректері қағазға емес, электрондық құрылғыға жазылатындығынан қорықпауы керек. Планшеттерді пайдалану-бұл ыңғайлылық пен ұтқырлық, санақ қызметкерлерінің еңбек шығындарын азайту, адам факторының деректер сапасына әсерін азайту, ЖСН қолдану арқылы халық санағы деректерінің шынайылық деңгейін арттыру, – дейді Ербол Аманбаев.
Планшеттерді пайдалану кезінде бастапқы деректерді автоматты түрде енгізу және оларды республикалық деңгейде өңдеу қарастырылған.
Интервьюерге арифметикалық-логикалық бақылаудың барлық мүмкіндіктерін ескере отырып сауалнама жүргізуге, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдануға, ал сауалнама аяқталғаннан кейін ақпаратты қорғалған VPN-арна арқылы тікелей жалпы дерекқорға жіберуге мүмкіндік беретін планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді. Деректердің қамтылу дәрежесін және шынайылығын тексеру үшін респонденттердің 10% — ына қайта бақылау жүргізіледі, — деп түсіндірді Ербол Аманбаев.
Ұялы байланыс желісі нашар шалғай аудандарда сауалнама жүргізу кезінде деректер ауылдық округтер әкімдіктері қосылған МО БКО жүйесі арқылы офлайн режимінде орталық санақ серверіне берілетін болады. Байланыстың бұл түрі барлық деңгейлерде (қалалық, аудандық, ауылдық) қолжетімді.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1897 жылы Ақмола облысында өткен алғашқы жалпы халық санағының түпнұсқасы сақталған. Санақ нәтижелері 89 томдық 119 кітапта жарияланған. Құрамына бес уезд және бес қала: Ақмола, Көкшетау, Атбасар, Омбы және Петропавл кіретін «Ақмола облысы» санағының бөлімі 1904 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. Халық санағы ХІХ ғасырдың аяғындағы халықтың саны, құрамы және орналасуы туралы құнды ақпарат береді.
Биыл Ақмола облысындағы респонденттер арасында сауалнама жүргізуге 1000-нан астам адам тартылады, оның ішінде 126 нұсқаушы-бақылаушыға 125 014 теңге, 882 интервьюерге 104 179 теңге төлем жасалады.