Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны 54-ке жетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны 54-ке жетпек

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны 54-ке жетпек

21 қыркүйектен бастап екі ел арасындағы бірнеше рейске рұқсат етіледі

  • 15 Қыркүйек 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан – Мәскеу және Алматы – Мәскеу бағыттарында әуе рейстері санын арттыру, сондай-ақ екі ел өңірлері: Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Санкт-Петербор, Махачкала, Грозный, Калининград, Новосибирск, Омбы қалалары арасында рейстерді ашу жоспарланып отыр.

Қазақстан жағынан рейстерді Air Astana, SCAT, Qazaq Air және Fly Arystan әуе компаниялары орындайды. Қазіргі уақытта ұшу кестесі әзірленіп жатыр.


2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер санын аптасына 54-ке дейін ұлғайтуға рұқсат етілді.