Заңгер "Хэллоуин" мерекесін дәріптеген Qoslike жобасын жабуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңгер "Хэллоуин" мерекесін дәріптеген Qoslike жобасын жабуды талап етті

Заңгер "Хэллоуин" мерекесін дәріптеген Qoslike жобасын жабуды талап етті

Танымал заңгер Камиша Есмұхамбетқызы өзінің Instagram-парақшасында аты шулы QosLike бағдарламасына қатысты өз наразылығын білдірді.

  • 2 Қараша 2021
  • 663
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы NewTimes.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарламаның қатысушылары көп елдерде тойланатын «Хэллоуин» мерекесіне орай боянып, түрлі кейіпкердің образдарын қайталаған болатын. 

«Мәдениет министрі кім өзі? Тірі ме? Мәдениетпен бірге ұлттық болмысымызды өлтірді ме? Мына сорақы Қослайық бағдарламасы қашан өшеді, не мынау? Мәдениетімізді дамытудың орнына, тірілей көміп, теледидарды үндінің итімен битімен толтырып, енді өз ұрпағымыздың былшылды өмірімен елдің бәрін сауатсыздыққа шақыруда», — деп жазды Камиша Есмұхамбетқызы.

Сонымен қоса заңгер бағдарламаның жабылуын талап етті.


«Телеарнада көрсетіліп жатқан #қослайк, #бірболайық бағдарламалары жабылсын! Өз үйінде кетін ашсада шаруам жоқ, қалың халықтың алдында, албасты мерекені насихаттауға кім жол берді?» — дейді Есмұхамбетқызы.