Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы өкілеттігін тоқтататынын қай елдің президентіне бірінші айтқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Назарбаев "Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінде айтты.
"Мұндай нәрсені жан-жаққа айтуға болмайды. Ешкімге айтқан жоқпын. Тек сол күні ертеңгісін Путинге (Ресей президенті Владимир Путин — авт.) хабарластым, қанша дегенмен көршіміз ғой. Ол қатты таңғалды. "Бүгін кешке хабарланады, оны менің аузымнан естігеніңіз жөн деп шештім" дедім. Болды. Басқа елдердің басшылары мұны білген жоқ", — деді Назарбаев.
Еске салайық, 2019 жылы 19 наурызда Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын.