2021 жылдың 15-17 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Астана клубының» алтыншы отырысы өтеді. Жиынды Әлемдік экономика және саясат институты мен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Шара бағдарламасы 3 күнге жоспарланған. Барлығы 14 кездесу өтеді. «АСТАНА КЛУБ 2021» жаһандық экономика, геосаясат, климаттың өзгеруі және ядролық қауіпсіздік тақырыптарын қамтиды.
«АСТАНА КЛУБ 2021» тақырыптары:
- Коронавирус пандемиясы: қауіп жағдайында қалпына келу, COVID-19 жаңа мутациялары мен бөлінген әлем үшін салдары;
- Ұлттық мүдделер дәуірі: ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің реконфигурациясы
- Жасыл трансформация және жаңа климаттық күн тәртібінің дамушы елдерге тигізетін әсері;
- Әлемдік экономикадағы теңсіздіктер: дамушы елдер алдындағы сын қатерлер;
- Ұлы бөлініс: жаһанданудың жаңа архитектурасы қандай болады;
- АҚШ-Қытай текетіресі: әлем экономикасы мен геосаясатына әсерлері;
- Батыс vs Ресей: Еуразиялық экономикалық одақ үшін салдарлары;
- Ауғанстан болашағы және оның Орталық Азия аймағына әсерлері;
- Иран мен Таяу шығыс: ядролық мәміле және аймақ перспективасы
- Жаңа әлемдік тәртіп немесе технологиялық үстемдік үшін талас.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Астана клуб» пікірталас алаңында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Назарбаев стратегиясы және Қазақстан мен Орталық Азия болашағы» атты сессия өтеді. Сессияда еліміздің дамуының отыз жылдық тәжірибесіне баға беріліп, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырудағы Тұңғыш Президенттің рөлі жайлы сөз қозғалады. Сондай-ақ жаңа геосаяси жағдайдағы аймақтың даму мүмкіндіктері талқыланады.
Алтыншы «Астана клуб» отырысындағы Жаһандық Альянс Көшбасшыларының басқосуы аясында ядролық қауіпсіздік мәселесі көтеріледі. «Түн ортасы: ядролық диалог бойынша іс-әрекет уақыты» атты отырыста жаһандық стратегиялық тұрақтылық саласында туындаған дағдарыстан шығу мүмкіндіктері талқыланады. Бұған қоса, алдағы жылдардағы Альянс жұмысының басым бағыттары айқындалады.
Ядролық қауіпсіздік үшін Көшбасшылардың Жаһандық Альянсы 2019 жылы «Астана клубының» бесінші отырысының қорытындысы бойынша Елбасы бастамасымен құрылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан дәстүрге сай Клубтың «Үлкен Еуразия: жаңа әлем көрінісі» атты пленарлық отырысына Төрағалық етеді.
«Астана клуб 2021» спикерлері:
Саяси тұлғалар: Ив Летерм, Бельгия Премьер-министрі (2008, 2009-2011), Нино Бурджанадзе, «Бірыңғай Грузия –Демократиялық қозғалыс» партиясының төрағасы, Грузия президентінің міндетін атқарушы (2003-2004, 2007-2008), Грузия парламентінің төрағасы (2001-2008), Данило Тюрк, Мадрид клубының президенті, Словения Президенті (2007-2012), Абдулла Гүл, Түркия президенті (2007-2014) және т.б.
Зерттеу орталықтарының жетекшілері: Джонатан Гранофф, Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті (АҚШ), Владислав Иноземцев, «Постиндустриалдық қоғамды зерттеу орталығының» директоры (Ресей), Андрей Кортунов, Халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесінің бас директоры (РСМД), Джеймс Линдси, Халықаралық қатынастар кеңесінің аға вице-президенті (CFR), Дэн Смит, Әлем проблемаларын зерттеу жөніндегі Стокгольм халықаралық институтының директоры (SIPRI), Дмитрий Тренин, Мәскеулік Карнеги Орталығының директоры, Марк Узан, Бреттон-Вудс жаңару жөніндегі Комитеттің негізін қалаушысы және бас директоры (RBWC), Эван Фейгенбаум, Карнеги қорының вице-президенті, АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының көмекшісі (2001-2009).
Халықаралық сарапшылар: Эдвард Люттвак, ENL Associates президенті, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының аға кеңесшісі (CSIS), Кришна Кумар, РЭНД корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры (RAND Corporation), Ариэль Коэн, Атлант Кеңесінің аға ғылыми қызметкері, Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры (EGS), Джон Алтерман, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының аға вице-президенті (CSIS), Жаһандық қауіпсіздік пен геостратегияны зерттеу жөніндегі Збигнев атындағы кафедра басшысы, Дэвид Даокуй Ли, Цинхуа университетінің Шварцманн колледжінің деканы, негізін қалаушысы.