Қазақстанда мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды

Еліміздің баяу интернет пен сапасыз байланыс үшін мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды.

  • 16 Қараша 2021
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті Радиожелілік спектрін пайдалануға рұқсат беру басқармасының басшысы Ерлан Дүйсен мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Біз осы кезге дейін 465 тексеру жүргіздік. Соның нәтижесінде мобильді байланыс операторлар жұмысынан ақау табылып, оларға 104 млн теңгенің айыппұлы салынды. Сонымен қатар біз ауылдарды сапалы интернет және байланыспен қамту жұмысымен айналысамыз. Жылдам интернет және сапалы байланыспен қамту шарасына қатысты тексеру жұмысын одан әрі жалғастыратын боламыз. Егер байланыс операторлары ақсай беретін болса, онда әкімшілік шара қабылдап, қажет жағдайда қызмет көрсету құқығынан айыру қадамына дейін барамыз», — деді Ерлан Дүйсен.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков телекоммуникация саласының жоғары қарқынмен дамып жатқанын жеткізді.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында цифрландыру саласының маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Бәсекелестікті дамытамыз десек, жұмыс сапасын арттыруымыз керек. Сонымен қатар Президент елдімекендерге интернет тартып қоймай оның сапасын реттеуді тапсырды. Одан бөлек, отандық ІТ саласы мамандарын даярлау міндетін де жүктеді. Президент тапсырмасына сәйкес 100 мың қазақстандық ІТ маманын әзірлеу қажет. Телекоммуникация заманауи жылдам дамып жатқан саланың бірі. Осы тұрғыда бізде көштен қалмауымыз керек», — дейді депутат.


Айта кетсек, бүгін елордада отандық телекоммуникация және цифрландыру саласының даму барысына арналған дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға құзырлы мемлекеттік орган өкілдерімен қатар сала мамандары қатысты.