Ұлттық кеңестің пайдасын тізіп жіберейін десем, атқарған жұмысымыз тым көп екен, - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық кеңестің пайдасын тізіп жіберейін десем, атқарған жұмысымыз тым көп екен, - Айгүл Орынбек

Ұлттық кеңестің пайдасын тізіп жіберейін десем, атқарған жұмысымыз тым көп екен, - Айгүл Орынбек

Кеше ғана ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық кеңес болып өтті.

  • 18 Қараша 2021
  • 134
Фото - Caravan.kz

Осы кеңес туралы қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ұлттық кеңес ұлтымызды, тәуелсіздігімді сақтап қалу үшін құрылды!

Халықтың арасында жүрген өз ойы бар белсенділерді жинап, “Ұлт үшін қосар үлесіңді ашық айт біз естуші мемлекет болып тыңдайық”, деп Президентіміз Тоқаев ұлттық кеңесті құрды.

Ұлттық кеңес не пайда әкелді?-,деп Азаттық журналистері сұрау салыпты.

Құрылғанына екі ақ жыл болған кеңестің пайдасын тізіп жіберейін десем, атқарған жұмысымыз тым көп екен. Әрқайсына жіті тоқталып жазармын.

Ең бірінші жоғарыда естімей, көрмей отыратын үкіметпен елдің алдында жүрген белсенділер халықтың үнін, шағымын ашық жеткізе алатын деңгейге жеттік!

Жеткізіп ғана қоймай, жасалып жатқан кейбір реформалардың, істерінің дұрыс еместігін беттеріне айта алатын болдық!

Басқа мүшелер үшін емес, өзім үшін айтайыншы, мен сияқты белсендіге халықтың үнін, жеткізіп, ашық айтып отыруға керемет мүмкіндік туды!


Ұлттық кеңестің министрлерімен болған бірде-бір жиналысынан қалмағанмын. Себебі халықтан жиналған шағымды үкіметке жеткізіп, халықтың жағдайы үшін тиімді шешімдер қабылдануы үшін бірге жұмыс істеу арқылы нәтиже болатынын түсіндім!

Бүгін Президентіміз Қ Тоқаев өте жақсы айтты. “Ұлтымызды, тәуелсіздігімді сақтап қалғымыз келсе жалған ұрандауды қояйық” деп!

Ұлттық кеңес мүшесі ретінде Президентіміздің осы сөзін қолдаймын және маған қара халықтың мұңын өзіне тікелей жеткізіп отыруға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін!", — деп жазды Айгүл Орынбек.