Жүрегін мазалаған арпалыс: Анасы Қайрат Нұртастың сахнада не себепті жылағанын түсіндірді (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүрегін мазалаған арпалыс: Анасы Қайрат Нұртастың сахнада не себепті жылағанын түсіндірді (видео)

Жүрегін мазалаған арпалыс: Анасы Қайрат Нұртастың сахнада не себепті жылағанын түсіндірді (видео)

Қайрат Нұртастың сахнада ән айтып тұрып жылағын сәті желіде тарап кетті. Бұған қатысты әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекова пікір жазды.

  • 7 Желтоқсан 2021
  • 2427
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қайрат Нұртастың жеке өмірі, қайда жүргені, әншіге қатысты барлық ақпарат соңғы кезде барлық көрерменін қызықтыра түсті. Әнші әйелі Жұлдызбен ажырасты деген қауесет те көп арасында тарап үлгерді. Әншінің сахнада ән айтып тұрып жылаған сәті желіде тез тарады. 

Видеоны әншінің өзі парақшасында жариялап, біраз уақыт бұрын түсірілген кадр екенін айтып өтті. Ал анасы оның не себепті көз жасына ерік бергенін түсіндіріп көрді. 

“Қайратымның көз жасы не үшін екенін кім түсінді? 1)Халқының өзіне деген махаббаты? 2) Жүрегін мазалаған арпалыс көңілін босатты ма? 3) Өзіне белгісіз тылсым сезім? Ал мені, дәл қазір көріп отырып, баламның бір ауыз “Бәріңіз жарық қосыңыздаршы” деген сөзіне түгелдей жылулық танытып, түгелдей ұялы телефондарының бірден жарығын қосқан халықтың махаббаты жылатты. Сіздердей жүрегі мейірімге толы халқы бар, балам не деген бақытты еді. Аллаға сансыз шүкір!”, – деп жазды продюсер. 

Желі қолданушылары өз нұсқасын айтып, талқыға салды. 

“Қайраттың жүрегі жұмсақ, көңілі ақ қой, содан да жылап тұр. Алланың берген бағына, сыйына шүкіршілік етіп тұрған болар бір Аллаға. Гүлзира ханым қандай бақытты Анасыз! Қайраттай ұлды тәрбиелеп өсірген. Ғұмырлы болыңыздар”, “Қайратты халыққа сүйкімді етіп қойған Алла ұлық”, “Анаға, балаға, Әкесіне, жан жарына, балаларына, бауырларына ең бастысы,  Халыққа, Сахнаға деген махаббаты”, “Жүрегін мазалаған арпалыс көңілін босатты ма? Өмірде барлық жағдай болады, соны сабырмен ақылға беріліп шешкен Қайрат бауырым. Өзіне белгісіз тылсым сезімді жылы жауып, жақсы жауап берді деп ойлаймын”, деп жазды желідегілер.