Kcell-дің бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңге жымқырып, букмекерлік кеңседе ұтылған - ҚМА - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Kcell-дің бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңге жымқырып, букмекерлік кеңседе ұтылған - ҚМА

Kcell-дің бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңге жымқырып, букмекерлік кеңседе ұтылған - ҚМА

Алматыда Kcell Solutions ЖШС бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.

  • 8 Желтоқсан 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментімен Kcell Solutions ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы соммасы 450 миллион теңге компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Тергеу кезінде анықталғандай, компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге ақша-қаражатын 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған", — делінген хабарламада.